Дербес деректерді жинау және өңдеу

Құрметті клиент!

«Investment Astana Group» АҚ (әрі қарай – Компания) хабарлайды, 2013 жылдың 25 қарашасында Қазақстан Республикасының 21.05.2013 жылғы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы күшіне енді, талаптарды жүзеге асыру мақсатында Сіздің дербес деректеріңізді жинауға және өңдеуге Сіз жазбаша келісіміңізді Компанияға ұсынуыңыз қажет екендігін Сізге хабарлаймыз.

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру-өтінішінің үлгісімен Сіз Компанияның кеңселерінде немесе «Investment Astana Group» АҚ-ның» www.ipoteka.kz корпоративтік сайтында танысуыңызға болады.

Көрсетілген келісім Сіздің Компания кеңселеріндегі көрсетілген өтінішке қол қоюыңыз арқылы ұсынылады және Компания мен Сіздің араларыңыздағы кез келген өзара әрекет жасауды, соның ішінде қызмет көрсету, төлемдерді қабылдау, қайта құрылымдау мәселелерін қарастыру, жеңілдікті бағдарламаларын ұсыну және т.б. жүзеге асыруға қажет.

Компанияға өтіну кезінде өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіздің түпнұсқасының болуын сұраймыз.

Сізде туындаған барлық сұрақтар бойынша Сіз қалаңыздағы Компанияның кеңсесіне телефон арқылы өтінуіңізге болады.

Бірге қызмет істегеніңіз үшін алғыс айтамыз.

Дербес деректердi жинауға, өңдеуге келiсiм беру-өтінішінің үлгісі