Қарызды аудару

1-Қарыз алушы «Investment Astana Group» АҚ-нан (бұдан әрі мәтін бойынша – «Компания») жылжымайтын мүлік кепілімен қамсыздандырылған ипотекалық тұрғын үй қарызын алған, кепіл мүлкінің меншік иесі болып табылатын, оны алып қоюға келісімін берген жеке тұлға
2-Қарыз алушы- 1-Қарыз алушыдан, Компанияда кепілде тұрған жылжымайтын мүлікті сатып алуға ниет білдірген жеке тұлға.

Аталмыш өнімді қолданудың міндетті шарты Қарыз алушылардың қарызды аударуға және кепіл мүлкін сатып алуға/сатуға екі жақты талабы, сондай-ақ, Компанияның Несиегер ретінде Қазақстан Республикасының заңдылығының талаптарына сәйкес рәсімделген қарызды аударуға келісімі.
Өнім Компанияда кепілде тұрған жылжымайтын мүлікті Қарыз алушылардың келесі санатына сатып алуға мүмкіндік береді:

  1. Компанияда кепілде тұрған жылжымайтын мүлікті сатып алуға ниет білдірген 2-Қарыз алушы.
  2. Компанияда кепілде тұрған, проблемалық қарыз бойынша қамсыздандырылған жылжымайтын мүлікті сатып алуға ниет білдірген 2-Қарыз алушы.
  3. 1-Қарыз алушы қайтыс болған жағдайда, соның ішінде 1-Қарыз алушы мен сақтандыру компаниясы арасында жасалған сақтандыру шарты бойынша сақтандыру уақиғасы туындаған жағдайда (сақтандыру төлемі жеткіліксіз немесе сақтандыру компаниясы оны төлеуден бас тартқан жағдайда) жылжымайтын мүлікке құқығын мұрагерлік ретпен алатын 2-Қарыз алушы.
  4. Меншік құқығын қайта рәсімдемей, 1-Қарыз алушының банктық қарыз шарты бойынша міндеттемелерін өз атына аударуға ниет білдірген 2-қарыз алушы.

Қойылған шарттар орындалмаған жағдайда Компания 2-Қарыз алушыға қарыз беруден бас тартуға құқылы.