Жаңалықтар

28.05.2015
ҚАЙТА ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ

«БТА Ипотека» АҚ-ның (әрі қарай-Компания) несие бойынша ипотекалық баспана қарызын қайта қаржыландыруы «Казкоммерцбанк» АҚ-ның (әрі қарай-Казком) ағымдағы қарыз бойынша негізгі қарыз бойынша берешекті өтеу үшін 3% сыйақы мөлшерлемесімен жаңа қарыз беру жолымен жүзеге асырылады.

Қайта қаржыландыруға  Компанияның қарыз алушысымен 1 қаңтар 2004 жылдан 31 желтоқсан  2009 жылға дейінгі кезеңде алынған, ипотекалық баспана қарызы жатады.  

Қайта қаржыландыруға негізгі қарыз бойынша берешек қалдығы жатады. 

Қайта қаржыландыруға негізгі қарыз бойынша берешек қалдығы 1 қаңтар 2015 жыл жағдайына келесіні құрайтын ипотекалық баспана қарыздары/ипотекалық қарыздар жатады:

теңгемен 36 470 000,00 теңгеден аспайтын:

1) заңнамаға сәйкес 01.01.2015 жылға халықтың әлеуметтік осал топтарына (әрі қарай-ХӘЖҚТ) жататын, қарыз алушылардың стандарттық/ мерзімі өткізілген  несиелері;

2) проблемалы несиелер (қарызды қайта қаржыландыруға өтініш беру күніне және 01.01.2015 жылға 90 күннен артық мерзімі өткізілген берешек), соның ішінде ХӘЖҚТ–ға жататын қарыз алушылардың несиелері.

шетел валютасымен - 1 қаңтар 2015 жылға Ұлттық Банктің ресми бағамы бойынша, теңгемен баламасы 36 470 000,00 теңгеден аспайтын:

1) стандарттық/ мерзімі өткізілген  несиелер, соның ішінде ХӘЖҚТ–ға жататын қарыз алушылардың несиелері.;

2) проблемалы несиелер (қарызды қайта қаржыландыруға өтініш беру күніне және 01.01.2015 жылға 90 күннен артық мерзімі өткізілген берешек), соның ішінде ХӘЖҚТ–ға жататын қарыз алушылардың несиелері.

Қарыздарды қайта қаржыландыру келесі басымдылықпен жүзеге асырылады:

ХӘЖҚТ–ға жататын, қарыз алушылардың ипотекалық баспана қарыздары;

Бағдарламаның шарттарына сәйкес, басқа да ипотекалық баспана қарыздары.

Казкомда Қарыз алушылардың өтініштерін қарау мен шешім қабылдау тек «Проблемалы несиелердің қоры» АҚ ақшалай қаржыларды орналастырған сәттен бастап қана жүзеге асырылатын болады.

Казкомда қарызды қайта қаржыландыру үшін, қажетті құжаттардың тізімін Сіз біздің Компанияның қызметкерлерінен ала аласыз.

 

БАСПАНАҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР

Қайта қаржыландыруға баспана немесе жер телімі түрінде кепілдікпен қамтамасыз етілген, ипотекалық баспана қарыздары жатады. 

Баспана келесі өлшемдерге (жиынтықта) сәйкес келуі керек:

баспана 1 қаңтар 2015 жыл жағдайына қарыз алушы және оның жұбайы үшін Қазақстан Республикасы аймағындағы жалғыз баспана болып табылған;

жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық төлқұжатқа немесе құрылысқа үлескерлікпен қатысу туралы шартқа сәйкес  жалпы ауданы 120 (жүз жиырма) ш.м. аспайды. Бұл талап ХӘЖҚТ–ға жататын, көп балалы қарыз алушылардың баспанасына таралмайды. 

Баспана деген ұғымға жатады:

тұрғылықты тұруға арналатын және пайдаланылатын меншік құқығындағы, жеке тұрғын бірлігі (жеке тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);

құрылысқа үлескерлікпен қатысу шарты бойынша қарыз алушымен және оның жұбайымен сатып алынған, құрылысы аяқталмаған тұрғын ғимараттағы үлесі (пәтер);

Мұралану тәртібінде немесе сыйға тарту шарты бойынша, жекешелендірілген баспанаға жалпы меншік құқығында қарыз алушыға және (немесе) оның жұбайына тиесілі, осы бір баспана бірлігінде  отбасының әр мүшесіне тұрғын ауданның 16 (он алты) шаршы метрінен аспайтын, жеке бір баспана бірлігінде үлесі болған жағдайда талаптың осы тармақшасы қолданылмайды. 

Жер телімі  келесі өлшемдерге (жиынтықта) сәйкес келуі керек:

жер телімінің мақсатқа арналуы – жеке тұрғын үй құрылысы;

жер телімінің ауданы 0,1 (нөл бүтін оннан бес) гектардан аспайды. 

 

Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына жататын, азаматтар

Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94-1 

Қазақстан Республикасының Заңының 68 бабына сәйкес 

Халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын топтарына жатады: 

1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары;

1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына теңестiрiлген тұлғалар; 

2) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 

3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; 

4) Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген, аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын тұлғалар; 

5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; 

6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма жасқа жетпеген жетiм балалар жатады. Мұндай тұлғалардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады; 

7) оралмандар; 

8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған тұлғалар; 

9) көп балалы отбасылар; 

10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары; 

11) толық емес отбасылар жатады.