Жаңалықтар

29.08.2014
Қазақстандық банктер ипотекалық несиеге деген сұраныстың артқандығын мәлімдеді

ҚР Ұлттық Банкі «Несие нарығы параметрлерінің ахуалы және жорамалы» тақырыбында екінші деңгейлік банктерге жүргізілген зерттеудің қорытындысын жариялады.

«Басымдық жағдайында ипотекалық несиелерге деген сұраныстың төмендеуінен кейін оның жағымды өсуі байқалады. Сонымен бір мезгілде банктердің несие саясаты қазіргі уақытта қарыз алушылардың дефолты санының өсуін шектеу мақсатында жеке қоржынның бірқалыпты және сапалы өсуіне бағытталған», - деп қаржы нарығын реттеуші хабарламасында аталып отыр. 
 
2014 жылдың 2-ші тоқсанында көптеген банктердің бөлшектік сегментке қатысты несие саясаты негізінен бұрынғы деңгейде қалып отыр, бұл ретте кейбір банктердің өз саясатын қатайтуы тұтынушылық несиелендіруге көп деңгейде әсерін тигізді.
 
«Банктердің бағалауы бойынша, несиелік саясаттың кейбір қатайтылуларына 2014 жылдың 1-ші тоқсанында енгізілген, банктердегі қамтамасыз етілмеген қоржынның сапалы өсуіне бағытталған реттеушілік шаралар негізгі әсерін тигізді» - деп нақтылайды Ұлттық Банк.
 
Бірақ сұраныстың жағымды динамикасына қарамастан, өсім шектеулі болып қалуда. Сонымен, ипотекалық несиелерге сұраныстың артқандығын мәлімдеген банктердің үлесі 2014 жылғы 1-ші тоқсандағы 24 %-дан 2-ші тоқсанда 34 %-ға ғана артты.
 
Бұл ретте сұраныстың «жандануын» теңге курсының соңғы ресми түзетілуі салдарынан туындаған біршама тыныштықтан, сондай-ақ жекелеген банктердің корпоративтік клиенттердің қызметкерлері үшін тартымды несиелеу бағдарламаларын, оның ішінде компаниялардың депозиттер орналастыруы есебінен ұсынуларынан кейінгі қазақстандықтардың «оянуы» деп атайды.
 
«Сұраныстың өсуін көрсеткен банктердің несиелендірудің тұтынушылық нарығындағы үлесі 22 %-дан 33 %-ға артты, себебі қамтамасыз етілмеген тұтынушылық несиелері тұрғындар үшін барынша тартымды болып қала беруде. Сонымен бірге, банктер жылжымайтын мүлік кепілге қойылатын тұтынушылық несиелері мен автонесиелер беруді қарқынды дамыта бастады» - деп түсіндіреді Ұлттық Банктегілер.
 
Бөлшек сауда несиелендіруіндегі қандай да бір жандану көрінісі жағдайында банктерде «тәуекелділікке деген тәбеттің» өсуі байқалмайтындығын атап өту қажет: ірі және орташа банктер тұрақты қарыз алушылармен, оның ішінде жалақы жобасы шегінде жұмыс істегенді дұрыс көреді. Сонымен бір мезгілде, банктерге жүргізілген сауалнама нәтижелері банктер тұрғындардың қаржылық ахуалының нашарлауы салдарынан тәуекелділіктің елеулі өсетіндігін күтпейтіндіктерін куәландырады – банктердің тек 8 % ғана тәуекелділіктің осы факторына баса назар аударып отыр.
 
«2014 жылдың 3-ші тоқсанында тұтынушылық несиелердің сапалық өсуі мақсатында банктердің 9 %  несие саясатын қатайтуды жоспарлауда, банктердің негізгі бөлігі несие саясаттарын өзгеріссіз қалдыруды күтуде, және банктердің 12 % ғана – оны жеңілдетуді көздейді. Бұл ретте тұтынушылық несиелер бойынша несие саясатын қатайтуды жүргізуді жоспарлап отырған банктер негізінен шетелдік қатысы бар жекелеген банктер,» - деп хабарламада көрсетілген.
 
Тұрғындар тарапынан ипотекалық несиелерге деген белсенділіктің артып отырғандығына қарамастан, банктердің несиелік белсенділіктері «жеткілікті түрде ұстамды» деп аталады, бұл қарыз алушыларды қатаң бағалау жүйесінде көрініс тауып отыр, оның ішінде бастапқы жарнаға деген жоғарғы талаптар, клиенттердің төлем қабілеттіліктері мен несие қабілеттіліктерінің мұқият мониторингі. Қорытындысында, қарыз алушыларға қойылатын жоғарғы талаптар 2014 жылдың 3-тоқсанында ипотекалық өнімдер бойынша несие саясатына әсер етеді: банктердің 10 % ипотекалық несиелер бойынша қатайтуды күтуде, және банктердің негізгі бөлігі оны өзгеріссіз қалдыруды жорамалдап отыр.
 
«Тұтынушылық және ипотекалық қарыздар бойынша пайыздық ставкалар әлде де болса жоғарғы деңгейде. Бірақ, 2011 жылдан бастап ипотека бойынша пайыздық ставкалар айрықша өзгерістерге түскен жоқ, ал тұтынушылық несиелер бойынша қандай да бір төмендеу байқалады. Тұрғындардың несиелерге деген пайыздық ставкалардың елеулі төмендеуін күтіп отырғандықтарына қарамастан, оны жақын арада болжауға келмейді,» - деп, Ұлттық Банктің қаржылық түйіндемесінде көрсетілген. 
 
Құралай АБЫЛҒАЗИНА
http://fin.zakon.kz/4649511-v-kazakhstane-ozhivilsja-spros-na.html