Жаңалықтар

05.06.2014
2020 жылға дейін Алматы қаржы орталығының дамуының жаңа тұжырымдамасы желтоқсанға қарай қабылданады - Ұлттық банктің басшысы.

 Астана. 2 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН - 2020 жылға дейін Алматы қаржы орталығының дамуының жаңа тұжырымдамасы 2014 жылдың 1 желтоқсанында қабылданады, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық банкінің басшысы Қайрат Келімбетов.

«2020 жылға дейін Алматы қаржы орталығының дамуының тұжырымдамасы қайта қарастырылады, және бұл құжат 2014 жылдың 1 желтоқсанында қабылдануы керек деген шешім қабылданды. Осы құжатты дайындау үшін барлық мемлекеттік органдар тартылады, сондай-ақ жұмысқа Еуропалық қайта құру және даму банкінің, Азияның даму банкінің, Дүниежүзілік банкінің, сондай-ақ Исламның даму банкінің кеңесшілері жұмылдырылатын болады»,-деп хабарлады Астанадағы баспасөз мәслихатында Қ.Келімбетов.
 
Оның айтуынша, «мұнда Алматы қаласының инфрақұрылымының даму мәселелері, бизнес-ортаны, іскерлік климатты жақсарту мен дамыту, тиісті қаржылық инфрақұрылымды дамыту, АӨҚО Академиясының жұмысын жаңғырту және тиісті мамандарды даярлау бойынша жаңа оқу орталықтарын құру мәселелерін қосқандағы мәселелер есепке алынатын, стратегиялық құжат болады».
 
«Жекелеген үлкен мәселе ол, Лондондағы Сити үлгісі бойынша өңірлік қаржы орталығының келешектегі мәртебесі болып табылады. Біз ең жақсы тәртіптеме ол арнаулы қаржылық аймақ тәртіптемесі болып табылады деп есептейміз, қазір бұл мәселе бойынша қосымша жұмыстар жасалады», - деп қорытындылады Қ.Келімбетов.
29 мамырда Астанадағы Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесі отырысының барысында, Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2025 жылдан бастап Алматыда Еуразиялық экономикалық одағының қаржылық нарығын реттеу бойынша ұлт үсті органы жайғасатын болады деп хабарлады. «Мен одақтық қаржы реттегішінің құрылуын күтіп отырмай, Алматыны Еуразиялық экономикалық одағының қаржы орталығы ретінде жайғастыруға кірісуді ұсынамын»,-деді ол.
 
Алматы қаласында өңірлік қаржы орталығын құру жобасы президентпен бастамаланған және алғаш рет 1995 жылы Қазақстан банктерінің Қауымдастығының мүшелерімен кездесуде, сондай-ақ 2004 жылғы қарашада Қазақстанның қаржыгерлер Конгресіндегі баяндамасында айтылған.
 
Осы жобаны жүзеге асыру шегінде үкіметпен  Сингапур мен Тайланд қаржы орталықтарын құру мен дамытуға тікелей қатысқан, Boston Consulting Group компаниясы тартылды. Бұл компанияның негізгі міндеті Қазақстанның қаржы нарығын дамытудағы кемшіліктерді зерделеу және Алматы қаласында құрылатын өңірлік қаржы орталығының құқықтық, инфрақұрылымдық, басқарушылық ұстанымы бойынша нұсқаулықтарды дайындау болып табылады. 
 
Кейінірек Қазақстан халқына үндеуінде  2006 жылы наурызда президент Қазақстанның қаржы секторын дамыту бойынша міндеттерді анықтады, мұнда Алматы қаласының орталық-азия өңірінің негізгі қаржы орталығы ретінде дамуына ерекше назар аударды. Сол жылы маусымда президентпен Қазақстанның қаржы нарығын дамытуға бағытталған, мүдделі тұлғалар мен қаржы орталықтары қатысушыларының өзара қарым-қатынастарын реттейтін, ерекше құқықтық тәртіптемені білдіретін «Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы туралы» (АӨҚО) заңға қол қойылды.
 
Сол жылы қаржы орталығының уәкілетті органы-Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Агенттігі жұмысын бастады. Осы аралықта 2011 жылдың сәуірінде осы агенттік президенттің жарлығымен қысқартылды, агенттіктің атқарымдары Республиканың Ұлттық банкіне берілді.
 
Интерфакс 02.06.2014