Жаңалықтар

30.04.2014
Cарапшылар Қазақстанда ипотеканы берудің қайта басталу мерзімін атады

Оның айтуынша, банк капиталы үшін ең төменгі нормаларды көтеру туралы Қазақстанның Ұлттық банкінің жуырдағы жаңалықтары қаржы мекемелерін бірігуге және бар капиталды көбейтуге мәжбүрлейді.  "Банктердің нығаюы, бірнеше жылға созылуы мүмкін, осыдан кейін, Ұлттық банктің жаңа нормаларына сәйкес келетін,  неғұрлым ірірек банктер, ипотека бойынша несиелендіруді бастайтын болады", - деді Некрасов.

Алайда «Альпари» компаниясының аға талдампазы Анна Бодрова, Қазақстанда ипотека 2014 жылдың аяғында, жоқ дегенде 2015 жылдың бірінші тоқсанында толыққанды жұмыс істейтінін жоққа шығармайды. «Барлығы экономикалық орнықтылықта және банктің ұзын ақшаны бөлу мүмкіндігінде. 2014 жылдың қаңтары-наурызында Қазақстандағы ипотекалық нарық 0,5 пайызға қысқарды деп саналады. Жылдың аяғына дейін оның төмендеуі 0,6-1,0 пайызды құрауы мүмкін, себебі бұрын ипотекамен жұмыс істеген, ірі банктердің орнына, сараланымда басқа да ойыншылар пайда бола бастады-мысалы, ерекше шарттармен бес пайызды несиелендірумен»,-деп хабарлады Бодрова.
 
Осы аралықта "Финам Менеджмент" компаниясын басқарушы талдампаз Максим Клягин Қазақстанда ипотека 2013 жылы айтарлықтай ширақ дамығандығын атап өтті. «Жыл қорытындысы бойынша, алдын-ала бағалау бойынша, өсуі 10-ға жуық пайызды құрады. Алайда 2014 жылы жалпы  қиын үлкен экономикалық тұрақсыздық жағдайға байланысты ахуал айтарлықтай төмендеді. Соның ішінде, индустрияға ақшаның құнсыздануы белгілі жағымсыз әсерін тигізеді, ең алдымен, құнсызданудың кейбір үдеуінің үй шаруашылығы шығындарының құрылымының өзгеруіне байланысты, баспаналық несиелеуге сұраныстың төмендеуі және мөлшерлеменің өсуі»,-деді ол. Әйтсе де  Клягин 2014 жылдың бірінші тоқсан қорытындысы бойынша инфляциялық қысым бірқалыпты сипатта болғандығын, және бұл, жыл қорытындысы бойынша ипотекалық нарықтың өсу қарқыны, бұрынғы аймақта қалу мүмкіндігін болжайтынын қосты.
 
Қазіргі сәтте Қазақстанда ипотека жоқтың қасы не нарықта өте аз. Қазақстанның ірі банктерінің бірі- «Казкоммерцбанк» АҚ ипотека беруді 2013 жылдың ортасында тоқтатқан болатын. Банктердің көпшілігі ипотекалық несиелендіруді ұзын ақшалардың болмауы және капиталдың ең төменгі нормаларының көбеюін күту себептерімен 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап тоқтатқан. Бұдан басқа Казкомның басқарушы директоры, ұзын банк қағаздарын теңгемен сатып алу ТҚЖБ (Тұрғын-үй-құрылыс жинақ банк), ҚИК (Қазақстандық ипотекалық компания), Қазақстанның ЕДБ және БЖЗҚ (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) торабында болатынын атап өткен.